ҚАЗ
Фитолеум Қызыл иек пен тіске арналған май

Fitoleum Қызыл иек пен тіске арналған май

Ауыз қуысының кешенді және ұқыпты күтімі
  • 100% табиғи өнім.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Құрамында спирт жоқ. Шырышты қабықты тітіркендірмейді. Сезімтал тіс пен қызыл иек үшін жарамды
  • Қызыл иек қабынған, тітіркенген, қанауға бейімділігі немесе жалпы әлсіреген кезде қолдануға кеңес беріледі
  • Күнделікті пайдалануға арналған
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
  • Фармакология саласындағы мамандармен әзірленген

Сипаттама

Fitoleum Қызыл иек пен тіске арналған май – полифиттік май, Фитолеум компаниясынан өсімдік текті құрал. Формула шипалы өсімдіктердің 4 түрінен бірегей технология бойынша дайындалған 100% табиғи сығынды болып табылады.

Шығару түрі: 100 мл.

📗 Клиникалық зерттеу: Ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларын кешенді емдеуде төрт компонентті полифитті майды қолдану тәжірибесі.

Не үшін қолданылады

Қызыл иектің қабынуын, тітіркенуін, қанауға бейімділігін азайтады

Гингивит, пародонтит сияқты аурулар кезінде кешенді терапияда қолдыналады.

Ауыз қуысының шырышты қабығының жарақаттарының, ойық жараларының, күйіктерінің жылдамырақ жазылуына мүмкіндік туғызады

Ауыз уылуы кезінде, хирургиялық отадан кейін кешенді терапияда қолданылады.

Демеуші курс ретінде тиімді

Үй жағдайында қызыл иекті қалпына келтіруге арналған стоматологиялық процедуралардан кейін қолданылады.

Ауыз қуысы иммунитетінің жұмысын жақсартады

Ересектер мен балаларға тіс пен қызыл иекті күнделікті қорғау үшін ұсынылады.

4 емдік шөптерден тұратын теңдестірілген формула

Өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының теңдестірілген құрамы мен кешені (флавоноидтар, илеу заттары, фитонцидтер, пектиндер, кумариндер, каротиноидтар, А, С, Е, К, В1, В2, В3, В6, В9 витаминдері, органикалық қышқылдар жəне т.б.) қабынуға қарсы, жазатын, тұтқырлағыш əсер береді.

Құрамы

* өсімдіктер, Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында фармакологиялық белсенді заттар барынша көп жинақталған кезде жиналады.

Нұсқаулығы

Қолдану тәсілі және дозалары

​Cыртқа қолданады. Тістерді тазалағаннан кейін қызыл иек пен ауыз қуысына аз мөлшерде жағыңыз, жұмсақ тіс щеткасының көмегімен майды 1-2 минут жағыңыз.

Тампондарда 10-15 минутқа 5-10 мл мөлшерде аппликация түрінде қолдануға болады. ​Оңтайлы əсер ету үшін: шаюға болмайды, 15 минут ішінде тамақ пен сусыннан бас тарту керек.

Күніне 2 рет таңертең жəне түнде, қажет болған жағдайда əр тамақтануға дейін жəне кейін қолдану ұсынылады.

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

Жеке төзімсіздік, препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75% — дан аспайтын жəне 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сату орындары  →

Қайда сатып алуға болады

Фитолеум Қызыл иек пен тіске арналған май

Fitoleum Қызыл иек пен тіске арналған майы
келесі жерлерде ұсынылған:

Жеткізу құны мен уақытын жоғарыдағы сілтемелерді басу арқылы білуге болады.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 32 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.