ҚАЗ
Fitoleum Ошаған майы

Fitoleum Ошаған майы

Шаштың сұлулығы мен денсаулығы үшін фитоактиватор
  • 100% табиғи өнім.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Шашты нәрлендiредi және қайраттандырады
  • Бас терiсiнiң сау құрылымын қалпына келтiредi
  • Қайызғаққа қарсы тиiмдi көмектеседi
  • Шаштың өсуіне және күйін жақсартуға ықпал етеді
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі

Сипаттама

Fitoleum Ошаған майы – құрғақ шаштың өсуі мен нығаюына арналған емдік-косметикалық құрал. Құрамында табиғи инулин, протеин, эфир майы, сұйық май (пальмитин, стеарин қышқылдары), илік заттар, минералды тұздар және дәрумендер бар. Бұл консерванты жоқ, ароматизаторлар мен бояғыштары жоқ емдік әсерге ие фитоактиватор болып саналады.

Шығару түрі: 100 мл.

Ошаған сығындысы

Бір қарағанда арамшөп сияқты көрінген өсімдік нағыз биологиялық белсенді заттар қоймасы екен, оның құрамындағы компоненттер өте көп концентрацияда болады. Бұл – инулин полисахариді (45%-ға дейін), эфир майы (18%), протеин (12% шамасында), калий, кальций, магний тұздары, май қышқылдары, күкіртқұрамды қосылыстар, илік заттар, флавоноидтар, иридоидты гликозидтер, полиацетиленді көмірсулар, ситостерин стигмастерин, сондай-ақ сесквитерпенді лактон.

Құрамы

* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.

Нұсқаулығы

Қолданылуы

Арнайы формулада ошаған сығындысы бар, ол:

  • шашты қоректендіреді және қорғайды,
  • бас терісінің сау жасушаларын қалпына келтіреді,
  • қайызғақтың түзілуін болдырмайды,
  • тырнақ құрылымын күшейтетін.

Тек сыртқа қолдануға арналған!

Қолдану әдісі

Бас терiсiне жылы майды жағып, шаш түптерiне жайлап ысқылаңыз. Басыңызды орап, 1 сағат бойы жылы ұстаңыз, содан кейiн әдеттегiдей жуыңыз.

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

Өнімнің компоненттеріне жеке төзімсіздік, жоғары сезімталдық.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75% – дан аспайтын жəне 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Бағасы? Fitoleum Ошаған майын қайдан сатып алуға болады?

Білу

Қайда сатып алуға болады

Fitoleum Ошаған майы

Fitoleum Ошаған майы келесі дәріханаларда бар:

Препараттың құны 1000 теңгеден аспайды.
Бағасы дәріхана мен қалаға (Қазақстанда) байланысты. Біз жеткізуді жүзеге асырмаймыз!

Басқа орындарда

Өкінішке орай, бұл өнімді тапсырыс беруге әлі мүмкіндік жоқ. Бірақ, сіз біздің жіберілімге жазыла аласыз және біз сіздің өңіріңізде біздің өнімдерімізді сатып алу мүмкіндігі пайда болған кезде сізге хабарын береміз.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 29 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.