Қалақай майы, майлы сығынды

- 100% табиғи өнім
- Консерванттар мен бояғыштарсыз
- Клиникалық дәлелденген тиімділігі
- Қазақстанда жасалған
Қалақай майы, майлы сығынды – Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат.
Крапиваның жапырақтары құрамына келесі биологиялық белсенді заттар кіреді: С дәрумені, каротиноидтар, К1, В1, В2, РР дәрумендері, пантотен қышқылы, макро- және микроэлементтер, гликозид – уртицин, илік заттар және құмырсқа қышқылы.
Қурамы
* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.
Босатылу түрі
50 мл / 100 мл
Қалақай майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, анемияға қарсы, қан тоқтататын, иммуномодуляциялаушы, антиоксиданттық әсері.
Осының арқасында Қалақай майы кешенді терапия құрамында пайдалануға болады:
Бронх-өкпе жүйесінің қабыну аурулары кезінде
Бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде.
Темір тапшылығы кезінде
Темір тапшылығы бар анемияның алдын алуда және емдеуде, босанудан кейінгі қан кетулерде, етеккірдің көп келуі.
Секреторлы функциясы төмендеген гастриттерде
Иммундық қорғаудың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеу кезінде
Жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылады.
Шашты нығайту және өсуін күшейту, қайызғақ түзілуін азайту үшін
Дәрілік препарат болып табылады.
Тіркеу нөмірі ҚР-ДЗ-3№021620.
Ресми өндіруші:
Қалақай майы нұсқаулығы
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде,
- темір тапшылығы бар анемияның алдын алуда және емдеуде, босанудан кейінгі қан кетулерде, етеккірдің көп келуі,
- секреторлы функциясы төмендеген гастриттерде,
- иммунитет төмендегенде,
- шашты нығайту және өсуін күшейту, қайызғақ түзілуін азайту үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бронх өкпе жүйесінің қабыну ауруларында ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 3 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 10-14 күн.
Темір тапшылықты анемияда: ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 4 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 20-30 күн.
Босанудан кейінгі кезеңде қан кетуде, етеккір көп келгенде күніне 4 рет 1 шай қасықтан тамаққа дейін, 10-20 күн.
Шаштың өсуін нығайту үшін шашты жуардан 2-3 сағат бұрын бастың шашты бөлігіндегі теріге ысқылап жағу керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулары
Жүктілік және лактация кезеңі:
Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді.
Артық дозаланауы
Анықталмаған
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қолданар алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Қайдан сатып алуға болады
Сіздің қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) Фитолеум Қалақай майын сұраңыз!
Біз дәрі жеткізбейміз.
Интернет-дәріханалар тізімі:
- 50 мл – kz.apteka.com (Барлық аймақтар)
- 100 мл – kz.apteka.com (Барлық аймақтар)