Ғылыми зерттеулер аясында «ФитОлеум» ЖШС құрамына: Dr.Dr.h.c. Günther Bonn from Austrian Drug Screening Institute in Austria; Dr. hab. n. farm., Prof. Kazimierz Głowniak from University of ITM in Rzeszow in Poland; PhD in Pharmacognosy, Prof. Alexios-Leandros Skaltsounis from University of Athens in Greece; Dr. of pharmaceutical science, Prof. Zuriyadda Sakipova from National Medical University in Kazakhstan серіктес-институттар мен әлемнің жетекші ғалымдары кіретін, NAWA агенттігінің Cosmetic Valley – International Scientific and Implementation Cooperation at the Cosmetology Department Халықаралық жобасына қатысуда.
Бұл жоба косметикалық рецептураларда әлеуетті қолданылатын өсімдік тектес инновациялық ингредиенттерді іздеуге бағытталған.
Делегация құрамында фармакогнозия, ботаника және фармация саласындағы жоғары кәсіби мамандар қатысты. Делегация қатысушылары «ФитОлеум» ЖШС дәрілік өсімдік препараттарын өндірудің толық циклімен танысты: компанияның өндірістік алаңында болып, өсімдік шикізатының, сондай-ақ дайын өнімнің өндірістік үдерісімен және сапасын бақылаумен танысты. Іле Алатауының таза экологиялық аймағында орналасқан дәрілік өсімдіктерді өсіруге арналған плантацияларды қарау үлкен қызығушылық тудырды. Делегациядағы әріптестер «ФитОлеум» ЖШС учаскесінде өсетін Vicia tenuifolia, Glycyrrhiza uralensis, Fallopia convolvulus, Hypericum perforatum, Chenopodium album, Haplophyllum latifolium, Artemisia dracunculus, Artemisia austriaca, Thymus serpyllum, Potentilla asiatica, Euphorbia sp., Thlaspi asvense, Origanum vulgare, Melissa officinalis,Pseudosophora alopecuroides, Urtica dioica, Urtica urens, Astragalus sieversianus, Myosotis sylvatica, Achillea arabica, Rumex crispus, Taraxacum officinale, Leonurus turkestanicus, Plantago lanceolata, Poa bulbosa, Marrubium vulgare, Veronica anagallis-aquatica, Atraphaxis muschketowii, Berberis sphaerocarpa, Rosa platyacantha, Rosa canina, Crataegus almaatensis, Rosa beggeriana, Rosa fedtschenkoana, Veronica anagallis-aquatica, Salvia deserta, Trifolium prаtense атты дәрілік өсімдіктердің құрамын зерттеп, талдады. Қызығушылық тудырған өсімдіктер алдағы уақытта косметикалық құралдарды жасауда пайдалану мақсатымен одан әрі фитохимиялық және фармакогностикалық талдау үшін жиналды.
Кездесу Қазақстанның эндемиялық өсімдіктерін іздестіру және егжей-тегжейлі зерттеу үшін тығыз ғылыми және тәжірибелік байланыстар орнатты, біз GACP «Өсімдік тектес бастапқы шикізатты өсірудің және жинаудың тиісті тәжірибесі», дәрілік өсімдіктерді, дәрілік өсімдік препараттарын өндіру және олардың сапасын бақылау, инновациялық косметикалық препараттарды тиісті әзірлеу талаптарына сәйкес дәрілік өсімдік шикізатын тиісті өсіру, жинау, сақтау бойынша көптеген құнды кеңестер мен ұсынымдар алдық. NAWA агенттігінің Cosmetic Valley – International Scientific and Implementation Cooperation at the Cosmetology Department атты Халықаралық жоба аясында өндірістік алаңға бару халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен жаңа фитопрепараттар мен заманауи косметикалық өнімдер өндірісін одан әрі дамыту үшін негізін қалады.