ҚАЗ

Fitoleum – «Іскер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Fitoleum – «Іскер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ел үшін нақты құндылық жасайтын компаниялар іріктелетін Президенттік «Алтын Сапа» байқауының басты аталымдарының бірі.

«Іскер» сыйлығы тек өнім шығарып қана қоймай, ғылымды дамытып, дәстүрді сақтап, заманауи технологияларды енгізіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі сапа жасай алатынын дәлелдейтін кәсіпорындарға беріледі.

Бүгінде Fitoleum – еліміздің үздік кәсіпорындарының қатарында. Біз үшін бұл жай ғана марапат емес – Қазақстанды сапа арқылы танытудың үлкен мәртебесі.

Біз алғыс айтамыз.
Біз мықтымыз.
Біз — Қазақстанбыз.
Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет!