ҚАЗ

Офтальмология

Кератитті емдеуде полифиттік «Қызыл май» майын қолдану.

Е. К. Мамбетов, Р. К. Сабирова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, офтальмология кафедрасы (меңгеруші – проф. Мамбетов Е.К.)

Көру мүшелерінің аурулары арасында қасаң қабықтың ауруы 25% құрайды және соқырлық пен әлсіз көрушілік этиологиясында жоғары шекті салмаққа ие. Қазіргі күнде қасаң қабықтың қабыну-дистрофиялық ауруларының – кератиттердің екіншілік сипаттағы зақымдалу есебінен кездесу жиілігінің артқаны байқалады. Бұл халық санының орташа жасының үлкейгенімен, қасаң қабықтың күю мен механикалық зақымдалу санының артқанымен, көз алмасын алып ота жасау санының артқанымен, интроокулярлы линзалар қолданудың жиілегенімен, ота кезінде қолданатын кейбір дәрілік заттардың улы әсеріиен байланысты болып отыр.

Алматы қаласының І және ІІ орталық мемлекеттік клиникалық ауруханасының көз микрохирургиясы бөлімінде 1990 жылдың 1 қаңтарынан 1994 жылдың желтоқсанына дейінгі уақытта кератитпен ауыратын 1163 науқас тексеріліп, емделді. Кератитті диагностикалаудың, емдеу мен алдын-алудың маңыздылығы мен тәжірибелік мәні офтальмологиялық ғылымда көздің бұл ауруын өте тиімді консервативті емдеу әдісінің болмауымен сипатталады.

Клиникалық бейне негізінде және 187 науқасты кешенді тексеру мәліметтері бойынша экзогенді инфекционды кератиттер тіркелді, оның ішінде күйіктік кератиттер де қамтылған. 292 науқаста – эндогенді нейротрофиялық кератит, 108 науқаста – отадан кейінгі кератит. Науқастардың барлығына кешенді консервативтті ем жүргізілді: медикаментозды, физиоем, гелий-неонды лазермен емдеу.

Консервативті емнің тиімділігінің аздығы адамның қасаң қабығының артқы эпителий жасушаларының митозға қабілетсіздігімен, жаңа толыққанды қызмет атқаратын жасушалар түзе алмауымен, сондай-ақ гипергидратталған қасаң қабықта дистрофиялық бұзылыстардың дамуымен сипатталады.

Кератитті консервативті емдеуде полифиттік «Қызыл май» майын 40 науқасқа қолдандық. Полифиттік май құрамына емдік өсімдіктердің (шәйқурай гүлдері, шырғанақ жемістері, итмұрын жемістері, тамыры, қалақай шөбі, жебіршөп шөбі, дәрілік сермене шөбі, мия тамыры ) майлы сығындыларынан тұратын дәрілік зат.

«Қызыл май» конъюнктивалды қуысқа инстилляция түрінде күніне 3-4 рет 1-2 тамшыдан жергілікті қолданылды. Емдеу курсы 10-15 күнді құрады. Қажет жағдайында емдеу курсы 4 аптадан кейін қайталанылды. 2-3 курс тағайындауға болады.

Инстилляциядан кейін «Қызыл майдың» жанама әсері бірнеше секундтық ашу сезімі сияқты байқалды. «Қызыл майдың» тітіркендіргіш әсерін азайту мақсатында Конъюнктивалды қуысқа инстилляциядан алдын 1 тамшы 0,5% дикаин ерітіндісі, немесе 2% тримекаин ерітіндісі тамызылды.

Төменде мысал ретінде біздің бақылауларымыздың бірі келтірілген: науқас Боков М.В. 1974 ж. туған; 3267 ауру тарихы, ОМКА І көз бөлімінде 06.03 – 21.03.95 аралығында, мынадай диагнозбен: оң көзінің рецидивирлеуші кератиті, ашықбұрышты глаукома ІІа (ота жасалған), афакия, сол көзі – ашықбұрышты глаукома IV а (ота жасалған) ем қабылдаған. Аурухана түскенде оң көзінің қызарғанын, ауру сезіміне шағымданған. Екі көзінде де заттық көру қабілетінің нашарлағанын айтқан. Жалпы күйі – қанағаттанарлық. Ішкі мүшелерінің жай-күйі патологиялық өзгерістерсіз. Түскен кезінде:

OD. Visus = 0,005, түзетілмейді;

OS. Visus = 1 аяқталмаған рг. I. certa, түзетілмейді.

OV. ВГД — 23 мм. рт. ст.

Оң көзі (OD) – тітіркенген, қасаң қабығы шламды, ісінген, эпителий буланған, лимбадан беткейлік тамырлардың жаңатүзілімдері созылуда. 3-бөліктің параорталық аймағында – фасетка, флюоресцеинмен боялады, қасаң қабықтың сезімталдығы квадранттарда төмендетілген; орталық тереңдіктің алдыңғы камерасы; ылғал мөлдір, радужкасы субатрофиялы, 10-бөлігінде — базалды колобома; қарашық тарылған, дөңгелек, жарыққа сезімтал, шыны дене лайлы, көз түбінен рефлекс жоқ.

Стационар жағдайында консервативті ем жасалды: OD – левомицетиннің 0,3% ерітіндісімен күніне 4 рет 1 тамшыдан: «Қызыл маймен» күніне 4 рет 4 тамшыдан; гелий неонды лазер, бұлшықетке – пирогенал сызба бойынша қабылдады.

Емдеу кезінде (7-ші күні):

OD. Visus = 0,04, түзетілмейдіі;

OS. Visus = 1/аяқталмаған рг. I certa, түзетілмейді.

Оң көз айқын тітіркенген, қасаң қабық 7-12 бөлікке мөлдір, оптикалық аймақты қамтиды; параоптикалық аймақта 3 сағаттық – фасетка эпителиленген, флюоресцеинмен боялмайды; лимбадан беткейлік тамырлар қасаң қабыққа дейін созылған. Қасаң қабық сезімталдығы артты (ішкі квадранттан басқа), ішкі ортасы – динамикада өзгеріссіз.

Осылайша, полифиттік «Қызыл май» майының офтальмологиялық тәжірибеде, әсіресе кератитті емдеуде қолдану мүмкіндігі мен болашағы көрсетілді. «Қызыл май» қабынуға қарсы, антибактериалды әсер көрсетеді, қасаң қабықтың эпителиленуін жылдамдатады және иммуно-ынталандырушы әсер көрсететіндігі тіркелді.

«Қызыл майды» қолданғанда науқастардың ешбірінде аллергиялық реакция да, улы әсер де байқалмады.

Полифиттік майды қолданғанда басқа консервативті емдеуді қолдануды шектемейді, тіпті кей жағдайларда бұл әдістерді бірге қолданудың да тиімділігі артады.

Жүргізілген клиникалық сынақтар полифиттік «Қызыл май» майын қабыну-дегенеративті, отадан кейінгі және нейродистрофиялық кератитте қолдануға ұсынуға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Каспаров А. А. Диагностика, клиника, лечение заболеваний роговой оболочки // UI Всесоюзный съезд офтальмологов: Баяндамалар тезисі. Мәскеу, 1985- VI Том — 5-6 бет.
  2. Пучковская Н. А. Послеоперационная дистрофия роговой оболочки и возможности ее устранения // Офтальмологиялық журнал. 1970 — №1.- 5-10 бет.
  3. Пучковская Н. А., Войно-Ясенский В. В. Вторичные дистрофические и структурные изменения в переднем отделе глаза. Медицина: Мәскеу.- 1985- 76-89 бет.
  4. Курбанов К. С. Трансплантация культивированного in vitro монослоя клеток заднего эпителия роговицы. Автор дисс.- Санкт- Петербург- 1991.