ҚАЗ

Ішкі ағзалардың аурулары

Ішкі мүшелердің кейбір ауруларының кешенді емінде полифиттік «Қызыл май» майы.

В.М. Боборыкин
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, терапия кафедрасы (меңгеруші проф Полосухина В.А.)

Ішкі мүшелердің көптеген созылмалы ауруларын емдеу терапевттердің қиын міндеті болып келеді. Этиопатогенезін игеруде айтарлықтай алға басудың болуына, жаңа дәрілік заттардың пайда болуына, емдеу әдістерінің табылуына қарамастан аурушаңдық деңгейі азаймай отыр. Тәжірибелік дәрігерлерге рецидивтердің саны, созылмалы бронхит, жаралы аурулар, созылмалы гастрит, дуоденит сияқты аурулардың асқынуы белгілі. Бұл мәселенің туындауының себебі көп, олардың қатарында өршіп жатқан экологиялық ластанулар, ағзаның қорғаныс қабілетінің әлсіреуі, халықтың тамақтану сипатының өзгерісі, санитарлық мәдениеттің төмендеуі, тіпті дәрі-дәрмекпен үнемі қамтамасыз етлмеуі де себепші.

Осыған байланысты, отандық шикізат негізінде тәжірибеге жаңа бальзамдық «Қызыл май» препаратын енгізу оң нәтиже берді. Препарат клиникада 1991-1993 жылдар аралығында «ЗПМ-7» (шәйқурай-полифиттік майы) атауымен сынақтан өтті. Бастапқыда созылмалы бронхиті бар науқастарға кешенді емінде тиімділігін сынау жоспарланды. Клиникалық сынақ жүргізуге негіз болған «Қызыл мадың» көптеген компоненттері созылмалы бронхиттің патогенезінің әртүрлі факторларына әсер етеді, әсіресе инфекция түрі, мукоцилиарлы тасымалдау, созылмалы бронхиттің иммундық дәрежесі, бронхтардың асқынуы, липидтердің пероксидтік тотығуы (Палеев Н.Р. және авторлар М.,1985). «Қызыл май» майының құрамы созылмалы бронхиттің көрсетілген аумақтарына әсерін қамтамасыз етеді. Ондағы шәйқурай, сермене, қалақайдың флаваноидтары мен фитонцидтері антибактериалды әсерін қамтамасыз етсе, итмұрын, жебіршөп, мияның эфир майлары қалыпты мукоцилиарлы тасымалды қалпына келтіруге және бронхолитикалық әсер көрсетуге септігін тигізеді (Замотаев И.П., 1993). Препараттың иммуномодулирлеуші әсері құрамында мия, шырғанақ, итмұрынның болуымен байланысты. Препараттың майлы-қышқылды құрамы антиоксиданттық қасиетке ие (Павелковская Г.П., 1993). «Қызыл май» препараты кең спектрлі және поливитаминді әсерге ие.

Клиникалық сынаққа қатысатын негізгі топты (І) жасы 38-52 жас аралығындағы созылмалы обструктивті бронхиті бар 18 адам құрады. Ерлер – 15 (83,3%), әйелдер – 3 (16,7%). Салыстыру тобын (ІІ) созылмалы обструктивті бронхиті бар 20 науқас құрады, жасы мен жынысы жағынан бірінші топқа ұқсас. Клиникасында негізгі ауру белгілері: жөтел (100%), қақырық бөліну (100%), демікпе (88,9% негізгі топта және 85,0% бақылау тобында), дене температурасының көтерілуі (22,2% негізгі топта және 20,0% бақылау тобында). Обструктивті бронхиттің клиникалық белгілері – екі топта да анықталған ұзақ тыныс шығару, дем шығарғанда сырылдың естілуі; өкпе эмфиземасы – 1-топтың 3 науқасында, 2-топтың 4 науқасында. Қақырықтың іріңді сипаты негізгі топтың 12 науқасында, бақылау тобының 13 науқасында кездесті. Барлығына жалпықабылданған ем тағайындалды: бронхолитиктер, қақырық шығарушы, антибактериалды заттар, физиоем. 1 топтың науқастарына қосымша күніне 3 реттен 1 шәй қасықпен «Қызыл май» тағайындалды, емдеу курсы 10-12 күн.

Науқастардың жағдайының динамикасын бағалағанда жөтел екі топта да 4-6 күнге қарай азайғаны, қақырықтың бөлінуі І топта 3-4 кунде жақсарғаны, ал ІІ топта 6-7 күнде жақсарғаны тіркелді. Ірің аралас қақырық 1-топта 6-7 күнде жоқ болды, ал 2-топта 10-11 күнде тоқтағаны белгілі, сәйкесінше дене температурасы да қалпына келді. Обструктивті синдромның демігу сияқты басқа да белгілері І топтың науқастарында 4-5 күнде, ІІ топтың науқастарында 7-8 күнде жойылған.

«Қызыл май» препаратымен емдеудің жекелеген нәтижелерін зерттеу жоспарланбаған, алайда 1994 ж. ОМКА түскен І топтың кейбір науқастар полифиттік майды қолданғаннан ұзақ уақыттық тұрақты ремиссияның болғанын айтты. Біздің ойымызша, бұл «Қызыл май» компоненттерінің иммуномодулирлеуші әсерімен және шырғанақ пен итмұрынның репаративті қасиетімен байланысты.

Полифиттік майды асқазан жара ауруымен және созылмалы гастродуоденитпен ауыратын науқастардың аз санды тобына клиникалық сынақ жүргізілді. Препаратты күніне тамақтан 50-60 минут бұрын 1 ас қасықпен күніне 4-5 рет тағайындалды. Топтағы науқастар санының аздығына сәйкес (8 адам) және әртектілігіне байланысты алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу жүргізу, математикалық талдау жасау мүмкін болмады. Бірақ, «Қызыл майды» қолданудан кейін диспепсиялық синдромдар жойылып ауру сезімі басылғаны белгілі болды. Бұл препараттың жергілікті жансыздандырушы және түйілуді басатын әсеріне байланысты, әрі препарат шырышты қабаттың регенерациясын жақсартып, тыныштандырушы әсер көрсететіндігімен байланысты (Акопов И.Э. 1986).

«Қызыл майды» қабылдаған науқастардың барлығы препараттың жағымды дәмі мен исін ерекше атап көрсетті. Жанама әсер байқалмады, тек бір жағдайда ғана созылмалы гастродуодениті асқынған науқаста үлкен дәретінің күніне 3 ретке жиілегені тіркелген. Бірақ бұл жағдайды «Қызыл майды» қабылдаумен байланыстыруға болмайды, себебі осындай белгі бір уақытта антацидтерді қабылдағаннан да байқалуы мүмкін.

Препаратты аллергиялық реакциялар даму қаупі болғандықтан анамнезінде поллиноз, шөптік демікпесі бар науқастарға тағайындамадық. «Қызыл майдың» құрамына кіретін көптеген өсімдіктердің күрделі құрамы ескерілді.

Осылайша, полифиттік «Қызыл май» майының фармакологиялық қасиеті кең әсер ету спектріне ие болғандықтан тыныс алу жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының кешенді емінде маңызды орынды алады. Препарат компоненттері созылмалы бронхитті, гастродуоденитті және жаралы ауруларды этиотропты, патогенді және симптоматикалық емдеуде белсенділігін көрсетеді.

Алынған мәліметтер әртүрлі клиникалыққ бағыттарда полифиттік «Қызыл май» майының қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Сөзді қорытындылай келе, клиникалық тәжірибеде ешқандай жағдайда науқастардың асқыну немесе теріс әсер көрсету, оның ішінде аллергиялық реакциялар көрсету сияқты жанама әсерлер тіркелмеді.