ҚАЗ

Созылмалы тонзиллитте полифиттік «Қызыл май» препаратын қолдану.

С. А. Таукелева, Р. Б. Ибраева, А. Т. Нукутов
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, ересектердің ЛОР аурулары кафедрасы (меңгеруші – проф. Баймаканова С.Ш., №2 мемлекеттік клиникалық ауруханасының бас дәрігері Төлендиев Т.Т.)

Созылмалы тонзиллит мәселелері медициналық және әлеуметтік мәніне сәйкес көп жылдан бері отоларингологтардың орталық назарында, сондай-ақ соңғы жылдарда таңдай бадамша бездерлерінің иммунобиологиясы саласында және созылмалы тонзиллит патогенезін қайта қарастыруда, өз кезегінде созылмалы тонзиллитті емдеу тактикасын таңдауда көптеген ережелердің өзгеруіне әкелді. Таңдай бадамша бездерін алып тастау бойынша ота жасау көрсеткіші азайды, алдын-алу мақсатындағы бадамша бездерді алып тастау туралы көрсетпелер мүлде тоқтатылды. Созылмалы тонзиллиті бар науқастар саны жоғары, әртүрлі авторлардың мәліметтері бойынша 15%-дан 30%-дейін кездеседі (Н.Б. Солдатов, 1975; А.Е. Вернигора, 1982; В.А. Пона, 1990).

Тонзиллэктомия — альтернатива ретінде әлі кең қолданысқа ие болмаған консервативті ем саналады. Отоларинголияның өзекті мәселесі созылмалы тонзиллитті консервативті емдеуде аурудың туындауының себеп-салдарына этиопатогендік әсер ететін жаңа дәстүрлі емес емдеу әдістемесін табу болып табылады.

Біздің көзқарасымыз бойынша бұл талаптарға жауап беретін осындай препараттардың бірі – компоненттік құрамының арқасында көптүрлі әсерге ие полифиттік май саналады және ол созылмалы тонзиллиттің иммунопатогенезінің ағымына және дамуына этиопатогенді моменттерге сәйкес келеді.

Көбіне, жергілікті иммунитеттің бұзылысына, бадамша бездердің — криптолимфондардың лимфооэпителиалды қорғаныс деңгейінде арнайы және арнайы емес төзімділігіне, Крипт беткейіндегі шартты патогенді флораның көбеюіне, лакун эпителилерінің регенеративті үрдістерінің төмендеуіне, лимфоидты тіндердің дегенеративті өзгерісіне әкеледі. Сәйкесінше, полифиттік май өзінің иммуноынталандырушы, қабынуға қарсы, регенеративті қасиетіне байланысты созылмалы тонзиллитте емдеу әдісінің арнайы ерекшеліктерін ескеріп жетістікпен қолданылады.

Көбіне препаратты жоғары деңгейде сұйылтылған – 10% ерітінді күйінде қолдану ұсынылады. Тәжірибе көрсеткендей, препараттың жоғары концентрациясын кейбір науқастар көтере алмайды, тіпті жергілікті қабыну реакцияларының туындауы мүмкін.

Сонымен бірге, созылмалы тонзиллитті консервативті емдеудің талаптарының бірі препараттың ұзартылған әсері болып саналады, ол препараттың тұтқырлығының арқасында жүзеге асырылады, себебі официалды полифиттік май препараты бұл талаптардың барлығына жауап бермейді. Толықтырғыш ретінде 50%-ға дейінгі құрамды ланолин және кез-келген индифферентті май – вазелин, күнбағыс майы, жүгері, зәйтүн майы 40%-да қосылды. Бұл құрам препараттың қажетті тұтқырлығын алуға мүмкіндік береді, себебі қаншалықты тұтқыр концентрация лакундарда ұсталып қалуы мен оларды бітеуіне әкеледі. Сонымен бірге бұл құрамды науқастар жеңіл көтере алады, жұмсақ және айтарлықтай тиімді әсер көрсетеді.

Әдістеме мәні лакундарды кез-келген антисептикалық ерітіндімен жуу, ары қарай лакундардың зиянды құрамын (казеозды бітеме, патологиялық секрет, сұйық ірің) механикалық алып тастау, әрбір лакунға ұсынылған қоспаны көмейлік шприцпен екінші лакунда препарат тамшысы пайда болғанша енгізеді.

Біздің тәжірибе созылмалы тонзиллитті емдеуде полифиттік майды қолданудың бұл әдісі өте тиімді, таза майлы препаратты бадамша бездерге жай жаққаннан лакундарға енгізу арқылы қолданған дұрыс екендігін дәлелдейді.