Балалардың ЛОР органдарында полифиттік «Қызыл май» майын қолдану.
Е.Р. Гончарова, Н.И. Каракетова, Б.Р. Рымжанов, Р.Г. Халитова, Б.С. Шарипова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, балалардың ЛОР аурулары кафедрасы
Балалар ЛОР аурулары кафедрасы «Қызыл май» полифиттік майын қолданумен, тәжірибеге енгізумен 4 жылдан бері айналысады. Тіндер мен шырышты қабат полифиттік майының қабынуға қарсы және антибактериалды қасиетіне байланысты арнайы әсерге ие болады. Сонымен бірге, клиникалық тәжірибеде ол иммуно-ынталандырушы және поливитаминдік әсеріне байланысты үлкен қызығушылыққа ие. ЛОР мүшелерінің үлкен сіңірушілік қабілетіне (әсіресе балаларда) байланысты полифиттік майдың осы қасиеттері ЛОР мүшелерінің ауруларын жергілікті емдеуде кеңінен қолданылады. Балалардағы ЛОР мүшелерінің ауруларын жергілікті емдеуде дәстүрлі тәсілдермен емдеу (антибиотиктер, сульфаниламидтер) өзінің аллергиялық реакциялар, шырышты қабаттың саңырауқұлақтық зақымдалулары сияқты жақтарымен таныс. Сонымен бірге полифиттік «Қызыл май» майы – бағасы да төмен, науқастарға қолжетімді, дәріхана торында үнемі болатын препарат.
Полифиттік майды қолданғанда шәйқурай гүлдерінің, шырғанақ жемістерінің, итмұрын гүлдері, жемісінің, жебіршөп шөбінің, мия тамырының, емдік сермене шөбінің, қалақай шөбінің майлы сығындылары құрамына кірсе де ешқандай аллергиялық реакциялар байқалмады.
ЛОР аурулары бар 211 балаларға полифиттік майды қолданып зерттеу жүргізілді:
- Атрофиялық ринит – 28;
- ЖРВИ – 38;
- Созылмалы тонзиллит – 46;
- Жедел баспа – 23;
- Фарингит – 46;
- Ларингит – 44;
- Трахеит – 32.
Полифиттік майды қолдану кезінде айқын ауруды басушы әсері байқалды. Баспаның жедел сатысында, жедел респираторлы вирустық инфекция кезінде ауызға 1 шәй қасық майды ауызға алу керек және ауызда 3-5 минут ұстау ұсынылады. Осындай манипуляцияны күніне 3-4 рет жүргізу керек. Қабынудың жергілікті көрінісі басылып, балаларда қиын өтетін баспа кезінде болатын ауру сезімі азаяды, Мұрынның кіреберісін (шырышты қабатын) ЖРВИ кезінде маймен ысқылап, мұрын ішіне 3-5 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызу тағайындалады. Полифиттік майды қолдану емделу мерзімін 2-3 күнге қысқартады және аурудың бастапқы сағаттарында қолданғанда ауру ағымының тоқталуы сияқты құбылыстар орнайды. 23 науқастың мұрын қуысынан алынған микрофлораның жағындысында «Қызыл майдың» антибактериалды әсерінің орындары болды.
Созылмалы тонзиллитте полифиттік май жергілікті қолданылды (бадамша бездерге күніне 1 реттен жағып және 1 шәй қасық маймен күніне 1 рет тамақты ысқылау). Емдеу курсы 10 күнді құрады. Бақылауда 2 жыл бойы болған балаларда баспа жиілігі мен ауырлығы төмендегені, ал 18 науқастың баспасы жоқ болып кеткені байқалды. ЖРВИ кезінде, созылмалы тонзиллитте, фарингитте полифиттік майды ингаляция түрінде қолдану ұсынылады. ЖРВИ-мен жүретін жөтел кезінде, фарингит, ларингит пен трахеит (инфекциялы сипаттағы) кезінде жөтел ұстамасынан кейін 0,5 шәй қасықтан 4-5 күн бойы ішке қабылдау ұсынылады.
Құлақ иірімінің күйігін, құлақ сырты жарасын емдеуде тазартылған беткі қабатына полифиттік майға малынған дәке қойылады. Дәке күн сайын ауыстырылып отырды. Әсіресе полифиттік майды бет-жақ аймағының күйіктерінде қолданған тиімді, ауру сезімін төмендетеді және тыртық қалдырмайды.
Полифиттік майды трахеостомиядан кейін қолданған өте тиімді. Полифиттік майды қолданғаннан кейін ірі тыртықтар қалмайды, реактивті құбылыстар минималды түрде көрінеді. Осылайша, балалар отоларингология тәжірибесінде полифиттік майды клиникалық тәжірибеде қолдану оң нәтиже берді. 1994 жылы балалар ЛОР аурулары кафедрасы полифиттік майды қолдану тәжірибесімен алмасу бойынша доцент Г.П. Павелковская қатысында Алматы қаласының балалар отоларингологтарының конференциясын өткізді. Конференцияда балалар отоларингологтары полифиттік майын жергілікті қолданудың оң жақтарын және асқынулардың болмағандығын айтты.