Асқазан жараларында қолдануы

Полифиттік «Қызыл май» майы мен прополисті жаралы ауруларды трансэндоскопиялық емдеуде қолдану.

Е.А. Изатуллаев
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, тамақтану және гастроэнтерология кафедрасы (меңгеруші – проф. Максименко В.Б.)

Қазіргі уақытта жараға қарсы препараттар арсеналы 1000 атаудан артып жығылады. Антиульцерозды заттардың көптігі  жара тыртығының ұзақ уақыттық жазылу мерзімімен және рецидивке қарсы әсердің сенімді түрде болмауымен байланысты жара ауруларын қанағаттанарлық деңгейде емдей алмауымен түсіндіріледі, сондықтан жара ауруын емдеуде жаңа әдіс іздестіруді қажет етеді.

Асқазанның және он екі елі ішектің шырышты қабатының трофикалық деструкциясын және көрсетілген орындарда эрозиялы-жаралы үрдіс кезінде ауру туындататын микрофлораның әсерін әртүрлі препараттарды жергілікті енгізу арқылы түрзетуге болады (Преображенский В.Н., және т.б., 1986).

Жара ауруын жергілікті емдейтін барлық тәсілдер келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Некрозды детритті жараны алып тастауға бағытталған әдістер; антисептикалық ерітінділермен жуу, некрозды массаны механикалық алып тастау;
  • Қабынуды төмендетуге және бактериалды микрофлораның белсенділігін төмендетуге бағытталған әдістер;
  • Тіндер регенерациясын жылдамдатуға және аггрессиялық факторлардың әсерінен жараны қорғауға бағытталған іс-шаралар;
  • Жүйке талшықтарының ұштарын түю, яғни блокадалау.

Құрамында шәйқурай гүлдерінің, шырғанақ жемістерінің, итмұрынның гүлдері, жемістері, тамырының майлы сығындыларынан, қалақай шөбінің, жебіршөп, емдік сермене және мия тамырының майлы экстрактыларынан тұратын полифиттік май  құрамына кіретін компоненттердің гастродуоденалды аймақтағы жараның жазылуын тездететін, шырышты қабаттың беттік-ойық эпителий жасушаларының пролиферациясын ынталандыратын, тыртық бетінің реэпителизациясын арттыратын қабілетіне байланысты болашағы зор поликомпозициялы препарат ретінде танылады. Көбіне шәйқурай қабынуға қарсы, жараны жазатын және антисептикалық әсерге ие. Шырғанақ пен итмұрын жемістері жараның тезірек жазылуына әкелетін тін грануляциясы мен эпителизациясын жылдамдататын, әрі поливитаминдік қасиетке ие. Жебіршөптің антисептикалық әсері белгілі. Емдік сермене асқазанның моторлы-эвакуаторлық қасиетін қалпына келтіреді. Қалақайдың жараны жазушы қасиеті бар. Мияның қармаушы қасиеті жақсы танымал.

Жоғарыда аталған полифиттік майдың жаралы ауруларға қатысты емдік қасиеттері ішке қолданғанда да жүзеге асырылады, алайда, жаралы ақауда некрозды массаның болуы оның тікелей әсерінің тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, майлы препаратты көп мөлшерде пероральды қабылдау өттің гастробулбарлы рефлюксін шақыруы мүмкін, ал өт қышқылдарының жара жазылуына кері әсерін туындатуы мүмкін.

Осыған байланысты, жара ауруында полифиттік майды емдік мақсатта қолдану кезінде жаралы ақауға көздеп жағу жолын қолданған дұрыс. Полифиттік майдың емдік қасиетін жүзеге асыруда некрозды ақаудың бетіне жағудан бұрын санациялауды қажет етеді. Бұл жағдайда гастродуоденалды жараны прополистің спирттік ерітіндісімен өңдеу, кейін ары қарай полифиттік майды енгізу керек.

Прополистің жараға қарсы әсері, әсіресе гастродуоденалды аймақтың шырышты қабатының жасушалар эпителиінің тіршілік циклын ұзартатыны белгілі, яғни жасушалардың протективті қасиетін арттырып, керу диффузиясын төмендетеді. Н-иондар жара бетінде қорғаныс пленкасын түзіп, гастриттік өзгеріс дәрежесін азайтады. Сонымен бірге, прополис жағылған орында жергілікті жансыздандырушы әсер береді.

Клиникалық зерттеу асқыну сатысындағы жара ауруы бар 10 науқасқа жүргізілді, оның ішінде 6 науқаста – жара ақауы он екі елі ішектің бадана аймағында орналасқан (алдыңғы және жоғары қабырғасы), 4 науқаста – жараның медиогастралды аймақта ораналасқандығы анықталды (асқазанның кіші жиырылымы). Жара өлшемі 0,5-1,0 см диаметрді құрады. Науқастардың жастық-жыныстық сипаттамасы – 22-ден 36 жасқа дейін, олардың 7-уі ер адамдар, 3-уі әйелдер. Ем қабылдау аурухана жағдайында жүргізілді. Басқа медикаментозды препараттар тағайындалмады, науқастар тамақтануы №1 емдәмге сәйкес (Певзнер бойынша).

Емдік эндоскопия сеансы әр 2 күн сайын жүргізілді, жаралы ақаудың орны прополистің 10% спирттік ерітіндісімен (4 мл) өңделіп, полифиттік май жағылды (3 мл).

Науқастардың ауырсыну белгілері 1-ші сеанстан кейін-ақ азайғаны байқалды. Қайталау сеансында барлық науқастардың жаралы ақауларының өлшемінің айтарлықтай кішірейгені анықталды (диаметрі бойынша орташа 1/3 өлшемге).

4 науқаста 12-елі ішек жарасында жара ақауының толық эпителиленуі емдік эндоскопияның 4 сеансынан кейін тіркелді, 2 науқасқа 15 күнге созылған ұзақ уақыттық ем қажет болды.

Асқазан жарасы ауруында жара ақауының толық эпителиленуі 3 жағдайда да 5-6 сеанстан кейін қол жеткізілді, 1 жағдайда ақаудың жазылуы көрсетілген мерзімде болмады, соңғы жағдайда жара өлшемінің біршама кішірейгені байқалып, науқастардың жалпы күйі жақсарды.

Осылайша, алынған мәліметтер жараны емдеуде комбинирленген трансэндоскопиялық әдісті қолданудың оң жақтарын көрсетеді, оны клиникаға енгізу де жөн саналды.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ