Бессмертник

Үнді, Еделгі Грецияда, Ежелгі Русь елінде айталыды. Бұл атауға ие болу себебі күзде де, қыста да, үзілген күйінде де өзінің түсін сақтап қалатын қасиетіне байланысты айтылған.

Бессмертник күрделігүлділер – Compositae, немесе астралар — Asteraceae тұқымдасына жататын біржылдық ақ түкті, тік тұратын өсімдік. Жапырақтары отырыңқы, сызықты-ланцет тәрізді, үшкір, гүл кәрзеңкелері дара, құрғақ, алқызыл түсті. Жемістері – түкті дәнді. Биіктігі 10-30 см.

Құрамында флавоноидты гликозидтер, флавоноидтар, С, К дәрумендері бар. Фталидтер, эфир майлары, жоғары молекулалы спирттер, шайырлар, стероидты қосылыстар, бояғыш заттар, инозит, илік заттар, майлы қышқылдар, минералды тұздар және микроэлементтер, күл, каротин. Айқан өт айдаушы қасиетке ие. Шөбі дезинфекциялаушы, зәр айдайтын, қан тоқтататын, түйілуді басатын қасиеті бар.