Сермене

Сермене – жүрек қуанышы. мелисса. Серменені қолдану 2000 жылдан аса уақыт бұрын басталған, оған барлық уақытта да емдік қасиетіне орай үлкен құрмет көрсетілген.

Дәрілік сермене – көпжылдық өсімдік, 0,5 -1 м биіктікке шейін өседі. Тамырлары көптармақты. Сабағы тікбағытталған төртқырлы көпбұтақты, бас жағы сәл еңкіштеніп(салбырап) өседі. Жапырақтары бір біріне қарама қарсы орналасып, сопақшаланған жұмыртқа тәрідес болады: Сабақтың жоғары жағындағылары қанық жасыл түсте болса балағына қарай ашық жасыл түсті болып беттері түкшелермен көмкерілген. Гүлдері екі жынысты, ақ және күлгін түсте, ұсақ түрде болады.

Серменеты көбінсі иісі арқылы іздеп табады Серменеге ерекше иіс беріп тұрған оның құрамындағы (ерінгүлдерге тән қасиет) эфир майлары. Осы топқа жататын басқа да өсімдіктер, мысалы лаванда, жебіршөп; тасшөп (тасшөп), ащы жалбыз, шалфей, гүлшетен (розмарин), майоран сияқтылардың өздеріне тән айырықша күшті иістері болады. Иісінің тартымдылығына байланысты серменеты аспаздарда жиі қолданады. Көне римляндықтар оны осыдан екімың жыл бұрын күтімге алып, баптап өсіре бастаған. Көне заманнан бері адамдар бұл өсімдікті тәбет ашу мақсатында қолданып келген.

Сермененің негізгі әсер етуші заты – эфир майы, оның құрамында цитронеллаль, цитраль, кариофиллен, С дәрумені, минералды және илік заттар, ащылар, флавоноидтар кіреді. Серменені асқазан, бауыр, өт қабы ауруларында қолданады, Жүрек неврозында, суық тию мен инфекциялық ауруларында жалпы ағзаны нығайтатын ретінде қолданылады.

Сермене шәйі неврозда, ұйқысыздықта, түйілуді басатын, ауруды басатын, тыныштандырғыш, зәр айдайтын, тер шығаратын, асқорытуды жақсартатын әсері бар. Сермене тұнбасы тыныс жиілігін баяулатып, артериалдық қысымды төмендетеді. Сермене моншасы тыныштандырғыш, тонизирлеуші құрал болып саналады.