Шәйқурай

Шәйқурай – жараны емдеп жазушы немесе 99 ауруға ем өсімдік. Шәйқурайдың көмегімен азғындыруды, дуаны қайтарған. Бұл өсімдік сиқырлы саналып, көптеген жинақтардың құрамына кірген. Оны 99 аурудың дәрісі деп атаған. Халық медицинасында оны зәр айдаушы, жараны жазушы, тәбет келтіретін, ішек жұмысын жақсартатын зат ретінде қолданған.

Шәйқурай (қоян қаны – маусым-шілдеде гүлдейді жерабай («джерабай» – жараны жазушы), хворобой) Орыстар елінде бұл өсімдікті «тоқсан тоғыз аурудың өсімдігі» деген. Әрбір өсімдіктің өз ішкі жан-дүниесінің атауы болады. Шәйқурайдың ішкі атауы – Прозарин. Ішкі атауын біліп, әр өсімдікті тануға болады.

Шәйқурай – көпжылдық өсімдік, Hypericaceae тұқымдасына жатады. Биіктігі метрге жетеді. Бұтақталған тамырсабақтары бар. Сабақтары екі қырлы, тығыз. Гүлшелері үлкен емес, бірталдық немесе көп ашық-сары (алтындай), жағымды исі бар. Шәйқурайдың құрамында эфир майы, флавоноидтар (рутин, кверцитин, гиперозид), шайырлар, илік заттар, гиперицин, никотин және аскорбин қышқылы, Р және РР дәрумендері, холин, сапонин және басқа да қосылыстары бар.

Шөбі қантоқтататын, қабынуға қарсы, антисептикалық, жараны жазатын, құрттарға қарсы, зәр айдайтын, өт айдайтын әсерге ие. Шәйқурай асқазан-ішек жолдарының аурулары, бауыр, өт жолдары, бүйрек пен қуық ауруларында қолданады. Өсімдік тәбетті ашып, тін регенерациясына және жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие.