Фитолеум Қызылмай суппозиторилер

Қызылмай суппозиторилер
Қызылмай суппозиторилер
Жаңа нұсқа
Ескі нұсқа
Қабынуға қарсы, регенерациялайтын, ауыруды басуға, антисептикалық, түйілуды басатын, жараны жазатын әсерлері.

Фитолеум Қызылмай суппозиторилер – ректалды және қынаптық қолдануға арналған суппозиторийлер, табиғи дәрілік зат.

Әсер етуші заты полифиттік майы «Фитолеум Қызыл май» – болып табылатын оригиналды өсімдіктекті дәрілік зат.

«Фитолеум Қызылмай» суппозиторилерінің заттар комбинациясы: 15-тен аса химиялық жеке компоненттерден тұратын ара балауызы, суппозиторилердің емдік бастамасын білдіретін какао майын құрайды.

Жоғарыда аталған препарат компоненттерінің жұмсақ әсері ешқандай жанама әсерсіз, балдын исін сездіретін балауыз. Сіздің мынадай ауруларыңызды емдеуде көмектеседі: гинекологиялық аурулар (жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, вагиниттерде, эндоцервициттерде), урологиялық аурулар (циститтерде, простатитте), проктологиялық аурулар (геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктатиттерде).

Қурамы

Фитолеум Қызылмай суппозиторилер нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, вагиниттерде, эндоцервиттерде
  • урологиялық ауруларда – циститтерде, простатитте
  • проктологиялық ауруларда – геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады. Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің қандай да біріне жекелей жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы:

  • Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация:

  • Препаратты жүктілік және бала емізетін аналарға пайдалануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі:

  • Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 18°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.


Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 28 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.