Fitoleum Халықаралық – KIHE 2025 көрмесінде

Бұл оқиға біз үшін нағыз мерекеге айналды, өйткені ол біздің өнімдеріміздің бай сұрыпталымын және фитотерапия мен косметология саласындағы инновациялық әзірлемелерді көрсетуге мүмкіндік берді.

Барлық көрме күндері біз қатысушылар мен қонақтарға денсаулық, сұлулық пен үйлесімділік сыйлайтын Fitoleum табиғи құралдарымен қуана таныстырып келдік. Біз фитотерапия дәстүрі мен қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді жақсы бейнелейтін өзіміздің жаңа әзірлемелерімізді мақтанышпен ұсындық.

Әсіресе, біздің сала сарапшыларымен қарым-қатынасымыз ерекше құнды болды. Біз тәжірибе алмасып, ұсынымдар мен кері байланыс алдық, бұл өз өнімімізді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Біз табиғат энергиясына толы жарқын стендке келген қонақтарды шын жүректен көргенімізге қуаныштымыз. Қонақтарымыздың, тұрақты сатып алушыларымыздың қызығушылығы мен олардың жағымды эмоциялары – біз үшін ең жақсы марапатымыз және одан әрі қарай даму үшін ынталандыру болды.

KIHE 2025 көрмесі кезекті рет бізге одан әрі даму мен жетілдіру үшін жағымды эмоциялар, жаңа таныстықтар және идеялар сыйлады.

Hilton Astana қонақүйінде ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуі өтті

2025 жылғы 8 сәуірде Hilton Astana қонақүйінде ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және бақылаушы мәртебесінде Венгрия делегациялары қатысты.

Біздің компаниямыз кездесуге орай ұйымдастырылған фармацевтикалық көрме мен бизнес кездесу аясында таныстырылды және осы шарада 100% табиғи компоненттерге негізделген өнімдерімізді көрсеттік.

Fitoleum қатысушылардың қызығушылығын оятып, жаңа байланыстар орнату мен фармацевтикалық сала өкілдерімен серіктестікті нығайту үшін платформа болды.

Fitoleum – 33 жылдан бері Қазақстан нарығында!

Fitoleum енді Ozon-да

Біз Fitoleum фирмасының өнімдері енді Ozon интернет-дүкенінде онлайн тапсырыс беру үшін қолжетімді екенін хабарлауға қуаныштымыз. Жеткізу келесі елдерге жүзеге асырылады: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь. Кейбір елді мекендерде қол жетімді тауарлар тізімі әр түрлі болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Озон каталогын қараңыз → https://www.ozon.ru/seller/fitoleum-409968/products/

«Инновациялық дәрілік заттарды тәжірибелік медицинада оңтайлы қолдану» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу шеңберінде

«Инновациялық дәрілік заттарды тәжірибелік медицинада оңтайлы қолдану» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу шеңберінде «ФитОлеум» (Fitoleum) компаниясы отандық өндірушілер көрмесіне қатысты, сондай-ақ «ФитОлеум» ЖШС директоры О.В. Сермухамедова «Медицинаның түрлі салаларындағы фармакоэкономика» секциясында «ФитОлеум» ЖШС толық циклді өндірісін фармакоэкономикалық тұрғыдан талдау» баяндамасымен сөз сөйледі.

Аралас форматта өткен конференцияда ғалымдар, дәрігерлер, фармацевтер өз білімдері және тәжірибесімен алмасты, әлемнің түкпір-түкпірінен қызықты баяндамалар ұсынылды.

Ғылым және тәжірибе – ҚазҰМУ мен Фитолеум серіктестігіне 30 жыл

30 жыл бойы даму және ілгерілеу. «ФитОлеум» ЖШС фармацевтикалық компаниясы өз мерейтойын атап өтті. ҚазҰМУ Фармация мектебі 30 жыл бойы «ФитОлеум» компаниясының жетекші серіктесі болып, оны кәсіпқой мамандармен қамтамасыз етіп келеді. «ФитОлеум» ЖШС негізінде, «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша магистрлік және PhD докторлық диссертациялық жұмыстарын орындау аясында ғылыми зерттеулер орындалады. Дәрілік препараттарды жасауға бағытталған инновациялық технологиялар, жаңа тәсілдемелер, классикалық технологиялық тәсілдердің ең жаңа үрдістермен үйлесуі, компанияның ғылыми әлеуеті сапалы, тиімді және қауіпсіз препараттарды жасап шығаруға кепілдік береді.

Компания мерейтойы – Қазақстанның фармацевтика нарығында 30 жыл

Қымбатты достар! Фитолеум (Fitoleum) ұжымы сіздерді бізбен бірге болғандарыңызға, дәріхана табалдырығынан аттағанда бізге, отандық өндірушіге басымдық беретіндеріңізге, жылы лебіздеріңіз бен сөздеріңізге, пікірлеріңізге, қолдауларыңызға және біздің өнімдерімізді таңдайтындарыңызға алғыс білдіреді. Жетілуімізге және алға басуымызға көмектесетіндеріңіз бізді өте қуантады! Біз болсақ, қолжетімді баға бойынша жоғары сапаға кепілдік береміз.

Құрылған сәттен бастап осы 30 жыл ішінде қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік, тар жол, тайғақ кешуден өттік, жұмыстың ыстығына да, суығына да төзе білдік. Дегенмен, біздің ең басты жетістігіміз – сатып алушыларымыздың сенімі деп білеміз, себебі Фитолеум компаниясының ең танымал өнімі – «Қызыл май» полифитті майымен бірнеше ұрпақ өсті ғой! Миллиондап сатылған құтылар, сатып алушыларымыздың мыңдаған алғыс сөздері – мерейтойымыздың басты қорытындысы! Сатып алушымыздың сенімі – біз үшін басты құндылық әрі үлкен сыйлық! Сіздерге рақмет!

Құрметпен, Ольга Сермухамедова, «ФитОлеум» ЖШС директоры, PhD докторы, «Қызыл май» полифитті майының авторы Владимир Перепелицаның қызы және «ФитОлеум» ЖШС барлық ұжымы.

ҚазҰМУ Университет күндері аясындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және мерейтойлар

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университет күндері аясында 13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва ғалымдары баяндама жасады.

Сондай-ақ осы күндері ҚазҰМУ Фармация мектебінің 70 жылдығы, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығының 25 жылдығы аталып өтілді. Фитолеум компаниясы мерейтой иелерін шын жүректен құттықтайды, қолдау көрсеткені және іске кәсіби тұрғыдан қарағаны үшін алғыс білдіреді. Қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірін жақсарту үшін өркендеу, табыс, миссияның орындалуын тілейміз!

Біз логотипті жаңғырттық

Біздің компанияның өнімін басқа өндірушілерден не ерекшелейді?

  1. Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
  2. 28 жылдан бері Қазақстан нарығындамыз. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
  3. Компанияның барлық өнімдері клиникалық сынақтардан өткен емдік дəрі-дəрмектер, 100 % табиғи, құрамында консерванттар мен бояғыштар жоқ.
  4. Өндірісі Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
  5. Компания өзінің GMP стандартына (Өндірістің тиісті тəжірибесі) сəйкестігін екі мəрте дəлелдеді. Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепіл боламыз!
  6. Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.
  7. Логотиптің өзгеруі — бұл тек визуалдық бөлігі жəне басталуы. 2020 жылда жаңа өнімдер күтіңіз!

Фитолеум компаниясы Талдықорғанда медицина қызметкері күніне ұйымдастырылған көрмеге қатысты

Салтанатты шара аясында І.Жансүгіров атындағы Мəдениет Сарайының фойесінде аймақтағы 20 шақты жетекші медициналық мекемелер мен фармацевтикалық компаниялардың қатысуымен көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Алматы облысының əкімі Амандық Баталов аралады. Ұйымдардың өкілдері ағымдағы жұмыстар, жетістіктер жəне одан əрі даму бойынша жоспарлары туралы айтып берді.

Біздің сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айгерім Қуатова «Үздік дəріші» республикалық байқауында 2-орын иеленді

Байқауға Қазақстан Республикасының түрлі қалаларынан жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес медицина қызметкерлері қатысты.

Біздің ФитОлеум компаниясында ең таңдаулы үздіктер қызмет етеді, біз Айгерімді лайықты өнер көрсетуімен қуана құттықтаймыз!