Гибискус немесе қытай раушаны, қытайлық розан, каркаде (Hibiscus rosa-sinensis). Туған жері – оңтүстік-шығыс Азия, Полинезия. Қызыл гибискус Полинезияда қасиетті саналады. Еуропаға XVII жүзжылдықтың аяғында әкелінген.
Гибискус қызыл бұта, әртүрлі тропикалық аудандарда өседі. Бұл үнемі жасыл төгілетін жапырақты өсімдік. Кезектескен жапырақтары сағаққа біткен. Гүлдері ірі. Олардың ашық боялған түбі өрістің жоғары бөлігінде орналасады, тостағаншада үш-үштен орналасады.
Негізгі емдік қасиеті антиоксиданттық, жасартқыш әсері. Бос радикалдардан қорғау, ісік жасушаларын болдырмайды. Гибискус гүлдері зәр айдайтын, дене ыстығын түсіретін, стресс пен созылмалы шаршаңқылықты төмендететін қасиеті бар.