Ежелден таныс, майя индейцтері оны қасиетті санап, салт жоралғыларға қолданған. ацтектер оны какаоны құдайдың сыйы деп түсінген. Какао жемісінен майды бөліп алу технологиясы 19 ғасырда пайда болған.
Какао майы нығыз консистенциялы өсімдік майы, шокаладты ағаш какаоның қабығын алып тастап қуырылып, престеуден өткізіп алған. Фармацевтикалық өнеркәсіптерде кеңінен қолданылады.
Какао майы құрамында үшглицеридтер, олеин, стеарин, лаурин, пальмитин, линоль қышқылдары, бета-каротин, В1, В2, В5, В6, В9, В12, С, H, PP дәрумендері, сондай-ақ калий, кальций, магний, мырыш, селен, мысжәне марганец, темір, күкірт, йод, фосфор және натрий бар.
Какао майы регенерирлеуші, қабынуға қарсы, қармаушы, жөтелге қарсы, ауруды басатын емдік қасиетке ие. Какао майын үнемі қолданғанда тамыр қабырғаларын бекітіп, атеросклероз, варикозда, ми қанайналымын жақсартып, ісік дамуын қаупін төмендетеді, инфаркттың туындау қаупін жояды.