🎈 Біз 30 жаста!
ҚАЗ

Сасықшөп

Русь елінде сасықшөп 1485 жылдан бері танымал. XVII ғасырдан бері сасықшөп жиілеген жүрек соғысында, жөтелде көмектесуші әсері бар. Қолдануды ыңғайлату үшін терезе алдына, шіркеулерге және университет бақшаларына отырғызған.

Сасықшөп – (лат. Leonurus) — Ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Сабағы төртқырлы бұтақталған, 50-150 см дейін жететін, кейде 200 см болатын өсімдік. Жоғарғы жапырақтары бүтін, ромб тәрізді түрге ие, салбыраған, жоғарыдан қою-жасыл, төменгі жағынан ашықжасыл түсті.

Сасықшөп құрамында алкалоидтар, эфир майы, илік заттар бар, олардың қан тоқтататын, бактерицидті, қабынуға қарсы қасиеттері бар. Органикалық қышқылдар (шарап, урсол, кумарин, алма, лимон қ-ы), аскорбин қышқылы, минерал қышқылдар кіреді.

Сасықшөптің тыныштандырғыш әсері бар болғандықтан жүйке жүйесінің қозғыштығын басуда, ұйқы бұзылысында, созылмалы шаршаңқылықта қолданылады. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын емдеуде пайдасы көп.