🎈 Біз 30 жаста!
ҚАЗ
Fitoleum Масло косметическое из цветов шиповника
Жаңа

Fitoleum Итмұрын гүлдерінен жасалған косметикалық май

Жоғары антиоксидантты қорғаныс беретін бетке арналған биоактивті май
  • 100% табиғи құрам.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Нәрлендіреді және сергітеді. Терінің барлық түрлеріне арналған
  • Терінің гидролипидті тосқауылын қалпына келтіреді
  • Тері өңін тегістейді, қартаю дақтарын ағартады
  • Қабынудың алдын алады, капиллярлардың сынғыштығын төмендетеді
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі

Сипаттама

Fitoleum Итмұрын гүлдерінен жасалған косметикалық май — бет терісіне арналған емдік және косметикалық құрал. Терінің серпімділігін арттырады, құрғақтықты жояды, әжімдерді тегістеуге және тері өңін тегістеуге көмектеседі. Май гидролипидті мантияны қалпына келтіреді, қабынуды азайтады және алдын алады, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады, ұсақ тамырларды нығайтады, теріні сергітеді және нәрлендіреді.

Итмұрын гүлдері терінің тітіркенуін азайтады, қартаю дақтарымен және тамырлы «жұлдызшалармен» тиімді күреседі. Зәйтүн майымен үйлесімде, өнім ылғалды терідегі ұсақ тесіктерді бітемейді, бос радикалдарды бейтараптандырады, бұл терінің жастығын ұзартуға және фото қартаюдан қорғауға көмектеседі. Итмұрын гүлдерінен жасалған май розацеа, купероза, дерматитпен ауыратын теріге жақсы әсер етеді.

Шығару формасы: тамшуыр қақпағы бар 30 мл қара-қоңыр шыны құты.

Итмұрын гүлдерінен жасалған косметикалық май ашық жасыл реңкке, нәзік консистенцияға және жабайы раушан гүлінің жапырақшаларының жағымды хош иісіне ие.

Итмұрын гүлдері + зәйтүн майы

Арнайы формулада антиоксидантты, қалпына келтіретін, нәрлендіретін, ылғалдандыратын, жасартатын, тыныштандыратын және қабынуға қарсы әсері бар итмұрын гүлінің сығындысы мен зәйтүн майы бар.

Құрамы

* Итмұрын гүлдері фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталу кезеңінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында қолмен жиналады.

Нұсқаулығы

Пайдалану тəсілі

Тазартылған, сəл дымқыл бет терісіне бірнеше тамшысын (таң ертең жəне кешке) уқалаушы қозғалыстармен жағыңыз.

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

Компоненттерге жеке төзімсіздік.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75% – дан аспайтын жəне 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 30 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.