ҚАЗ
Fitoleum Масло косметическое из цветков тимьяна и зизифоры
Жаңа

Fitoleum Жебіршөп және зизифора гүлдерінен жасалған косметикалық май

Безеуге, қызаруға және тітіркенуге қарсы SOS бет терісіне күтім жасау
  • 100% табиғи құрам.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Жеңіл, комедогенді емес құрылымды
  • Қабынудың алдын алады, патогендік бактериялардың өсуін тежейді
  • Терінің гидролипидті тосқауылын қалпына келтіреді
  • Тері түсін тегістейді және безеуден кейінгі іздерден арылтады
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі

Сипаттама

Fitoleum Жебіршөп және зизифора гүлдерінен жасалған косметикалық май – безеулер мен қызаруға бейім теріге арналған емдік және косметикалық құрал. Оның жүзім дәнінің майына негізделген формуласы мыналарға көмектеседі:

  • безеуді азайтуға және алдын алуға,
  • май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіруге,
  • тері бетіне патогендік бактериялардың таралуын тоқтатуға,
  • бөртпелерді кептіруге,
  • қызаруды, тітіркенуді және ісінуді азайтуға,
  • тері тесіктерін тарылуға,
  • безеуден кейінгі пайда болуының алдын алуға.

Жеңіл құрылымы тез сіңеді және тері тесіктерін бітемейді. Бұл май майлы, аралас және проблемалы теріге күнделікті күтім жасауға жарамды.

Шығару формасы: тамшуыр қақпағы бар 30 мл қара-қоңыр шыны құты.

Жебіршөп гүлдері + Зизифора гүлдері

Fitoleum Жебіршөп және зизифора гүлдерінен жасалған косметикалық май түпнұсқа өндіріс технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді, қабынуға қарсы, микробқа қарсы, май бөлінуін реттейтін, тыныштандыратын, антиоксидантты және ылғалдандыратын әсерлер береді.

Құрамы

* Өсімдіктердің гүлдері Іле Алатауының экологиялық таза аймақтарында фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталу кезеңінде қолмен жиналады.

Нұсқаулығы

Пайдалану тəсілі

Алғашқы рет қолданар алдында өнімді терінің кішкене аймағында сынап көріңіз.
Тазартылған, сәл дымқыл бет терісіне бірнеше тамшысын (таң ертең және кешке) уқалаушы қозғалыстармен жағыңыз. Күнделікті қолдануға жарамды.

Қолдануға қарсы көрсетілімдер

Компоненттерге жеке төзімсіздік.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75% – дан аспайтын жəне 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 34 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.