Мия майы, майлы сығынды

- 100% табиғи өнім
- Консерванттар мен бояғыштарсыз
- Клиникалық дәлелденген тиімділігі
- Қазақстанда жасалған
Мия майы, майлы сығынды – Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат
Мия тамырының құрамына мынадай биологиялық белсенді заттар кіреді: глицирризин, глицирризин қышқылы, ликвиритин, изоликвиритин, ликвиритозид сияқты флавоноидтар, көмірсулар, органикалық қышқылдар, стероидтар, таниндер, эфир майлары, кумариндер.
Қурамы
* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.
Босатылу түрі
50 мл / 100 мл
Мия майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, иммунитетті көтермелейтін, жараларды емдеу, антиоксиданттық әсері.
Осының арқасында Мия майы кешенді терапия құрамында пайдалануға болады:
Бронх-өкпе жүйесінің қабыну аурулары кезінде
Бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде.
Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде
Гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында.
Проктологиялық аурулар кезінде
Тік ішектің қабынуы, геморройда.
Тері аурулары кезінде
Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда.
Тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде
Ревматизм, артриттерде.
Иммундық қорғаудың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеу кезінде
Жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылады.
Дәрілік препарат болып табылады.
Тіркеу нөмірі ҚР-ДЗ-3№021621.
Ресми өндіруші:
Мия майы нұсқаулығы
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде,
- гастриттерде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында,
- тік ішектің қабынуы, геморройда,
- дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда,
- ревматизм, артриттерде,
- иммунитет төмендегенде.
Қолдану тәсілі және дозалары
3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға ішке – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер және ересектер – ас ішерден 15-20 минут бұрын 1 шай қасықтан күніне 4 рет. Емдеу курсы 10-14 күн.
Геморройда, сызаттарда және тік ішек қабынуларында микроклизма түрінде 10 мл-ден күніне 1 рет енгізеді (ішекті алдын ала тазалап алғаннан кейін), курс 10-20 емшарадан тұрады.
Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда зақымдалған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек. Емдеу курсы 10-14 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулары
Жүктілік және лактация кезеңі:
- Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қолданар алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Қайдан сатып алуға болады
Сіздің қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) Фитолеум Мия майын сұраңыз!
Біз дәрі жеткізбейміз.
Интернет-дәріханалар тізімі:
- kz.apteka.com (Барлық аймақтар)