Ошаған майы, майлы сығынды

- 100% табиғи өнім
- Консерванттар мен бояғыштарсыз
- Клиникалық дәлелденген тиімділігі
- Қазақстанда жасалған
Ошаған майы, майлы сығынды – Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат.
Репейник тамырларының құрамына мынадай биологиялық белсенді заттар кіреді: инулин полисахаридтер, эфирлі бардан майы, протеин, А, В-кешен, С, Е және Р дәрумендері, минералды және илік заттар, флавоноидтар, полиацетиленді көмірсулар, ситостерин, стигмастерин, алкалоидтар, 18 амин қышқылдары, 26 май қышқылдары.
Қурамы
* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.
Босатылу түрі
50 мл / 100 мл
Ошаған майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, несеп айдайтын, өт айдайтын, диабетке қарсы, жараларды емдеу, шаты нығайтатын және өсуін күшейтетін әсері.
Осының арқасында Ошаған майы кешенді терапия құрамында пайдалануға болады:
Гастриттерде, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында
Бүйрек-өттас
ауруларында
Қуық қабынуында, несеп-тас ауруында
Қант диабетін
емдегенде
Экземада, себореяда,
фурункулезде
Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін
Дәрілік препарат болып табылады.
Тіркеу нөмірі ҚР-ДЗ-3№021640.
Ресми өндіруші:
Ошаған майы нұсқаулығы
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- гастриттерде, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында,
- бүйрек-өттас ауруларында,
- қуық қабынуында, несеп-тас ауруында,
- қант диабетін емдегенде,
- экземада, себореяда, фурункулезде.
Сондай-ақ шашты нығайту және өсуін күшейту үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
7 жасқа дейінгі балаларға – 1/2 шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкен балалар мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 4 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
Сыртқа:
- Тері ауруларында зақымданған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек.
Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін:
- Бас жуудан 2-4 сағат бұрын шаштың арасындағы теріге жағу керек.
Қолданар алдында шайқау керек!
Жағымсыз әсерлері
- Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жекелей көтере алмаушылық
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
2 жыл.
Ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 30 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дəріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Қайдан сатып алуға болады
Сіздің қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) Фитолеум Ошаған майын сұраңыз!
Біз дәрі жеткізбейміз.
Интернет-дәріханалар тізімі:
- 50 мл – kz.apteka.com (Барлық аймақтар)
- 100 мл – kz.apteka.com (Барлық аймақтар)