Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына әсер етуші заттарды және көмекші заттарды зерттеуге, жаңа құрамын және дәрілік субстанциялар өндірісінің технологиясын ойлап табуға, табиғи өсімдік және минерал шикізаты негізінде жаңа жоғары тиімділіктегі қауіпсіз дәрілік заттар жасауға бағытталған ғылыми-ойлап табу бөлімі (R&D-research and development) кіреді.
Фармацевтикалық ғылым докторлары мен кандидаттары, медицина және фармация ғылымдарының магистрлары бар бөлім қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, сонымен бірге жоғары технологиялық қондырғылар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңа технологиялық деңгейде дамуына және ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Бөлім жетістіктері – жаңа дәрілік субстанция алу, оригиналды технология, табиғи өсімдік және минерал шикізаты негізінде дәрілік қалып жасау болып табылады.
2015 жылы компания жаңа оригиналды «Мия майы», «Киіз шоңайна майы», полифиттік «Шукир май» майы, «Қызылмай шырғанақпен» суппозиторилері сияқты фитопрепараттар шығарды. Цистанхе шикізаты негізінде: «Цистанхе солончаковая, бөліктерге бөлінген буындары», «Цистанхе солончаковая сұйық экстракты», «Цистанхе солончаковая құрғақ экстракты», «Цистанхе солончаковая көмірқышқылды қою экстракты» жаңа дәрілік заттар алынды.
Бүгінгі күні бөлімнің С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің фармацевтика факультетімен бірге қызметі Цистанхе солончаковая, түркістан сасықшөбі, түркістандық шүйгіншөп, бунге киікоты, үлкен киіз шоңайна сияқты Қазақстанның эндемиялық өсімдіктерін зерттеуге бағытталған.
Компания өзінің жаңадан алуларын және ҚР Алматы қ-сының С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Украинаның Харьков қ-сы, Ұлттық фармацевтикалық университеті, Польшаның Люблин Ұлттық медициналық университеті, Ирландияның Trinity College Dublin сияқты отандық және шетелдің ғылыми мекемелерімен серіктестік байланыстарды сәтті үйлестіруде.
ЖШС «ФитОлеум» базасында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстар аясында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Инновациялық технологиялар, дәрілік препараттар алуға деген бастамалар, классикалық технологиялық әдістемелерді жаңа тенденциялармен үйлестіру, компанияның ғылыми потенциалы сапалы, тиімді, қауіпсіз препараттар шығаруға кепіл береді.
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ «БІЗ САПАНЫ БАҚЫЛАМАЙМЫЗ, БІЗ БАСҚАРАМЫЗ!»
Компанияның сапаны қамтамасыз ету концепциясына кіреді:
- Персоналды үздіксіз оқыту;
- Сенімді жеткізушілерден шикізат пен материалдарды сатып алу;
- Айқаспа контаминацияны болдырмайтын бөлмелер;
- GMP талаптарына сәйкес қондырғылар;
- Құжаттандырудың бірыңғай жүйесі мен оның таралуын бақылау;
- Материалдар, аралық өнім, дайын өнім, қондырғылар, өндірістік мекеме статусын өзгерту мен идентификациялау жүйесі;
- Валидация жүргізу тәртібі және өндіріс мониторингі;
- Өзгерістерді бақылау жүйесі;
- Сәйкессіздіктерді қарастыруды ұйымдастыру және жүргізу;
- Ішкі және сыртқы аудиттер жүргізу, түзетуші әрекеттерді бақылау;
- Тәуекелдерді бағалау;
- Фармакобақылау бойынша іс-шараларды ұйымдастрыу.