Ішкі мүшелердің кейбір ауруларын кешенді емдеуде полифиттік «Қызыл май» майын қолдану.
В.М. Боборыкин
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, 1 емдеу кафедрасы (кафедра меңгерушісі – проф. Полосухина В.А.)
Ішкі ағзалардың көптеген созылмалы ауруларын емдеу әлі күнге дейін терапевттер үшін күрделі мәселе болып келеді. Этиопатогенезін меңгеруде біршама алға басуға қарамастан, жаңа дәрі түрлерінің пайда болуы мен емдеу әдістерінің шығарылуына қарамастан ауруға шалдығу деңгейі төмендемей тұр. Тәжірибелік дәрігерлерге рецидивтердің санының артуы, созылмалы бронхит сияқты, асқазан жара ауруларының, созылмалы гастрит, дуоденит санынын төмендемей тұрғандығы белгілі. Жағдайдың туындау себебі өте көп: экологиялық ластану, ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуі, халықтың тамақтану сипатының өзгеруі және т.б. Санитарлық мәдениеттің төмендеуі де, дәрімен уақтылы қамтамасыз етілмеу де әсерін тигізбей қоймайды.
Осыған байланысты, отандық шикізат негізіндегі бальзамдық «Қызыл май» препаратын тәжірибеге енгізу оң қарқын алды. Бастапқыда оның тиімділігін созылмалы бронхиті бар науқастарға кешенді ем қатарында қолдану жоспарланған. Клиникалық сынақты жүргізудің негізі ретінде «Қызыл майдың» көптеген компоненттері созылмалы бронхит патогенезінің әртүрлі факторларына әсер етуі, атап айтқанда инфекция мәні ескеріліп, микроцилиарлы тасымалдың бұзылуы, созылмалы бронхит кезіндегі иммундық дәрежесі, бронхтар асқынуы, сонымен бірге липидтердің пероксидтік тотығуы белсенетіндігі ескерілген (Палеев Н.Р. и соавт. М., 1985). «Қызыл май» майының құрамы созылмалы бронхит патогенезінің көрсетілген аймақтарына әсер етуін қамтамасыз етеді. Ондағы шәйқурай, сермене, қалақайдың флаваноидтары мен фитонцидтері антибактериалдық әсерін, итмұрын, жебіршөп, мия эфир майлары мукоцилиарлы тасымалды қалпына келтіріп, бронхолитикалық әсерін қамтамасыз етеді (Замотаев И.П., 1993). Иммуномодулирлеуші әсер препарат құрамындағы мия, шырғанақ, итмұрынның болуынан туындайды. Препараттың майлы-қышқылды құрамы антиоксиданттық қасиет көрсетеді (Павелковская Г.П.,1993). «Қызыл май» құрамындағы дәрумендер де кең әсер спектріне ие.
Клиникалық сыналған негізгі (І) топты созылмалы обструктивті бронхиті бар 38-52 жас аралығындағы 18 адам құрады. Ер адамдар – 15 (83,3%), әйелдер – 3 (16,7%). Бақылау (ІІ) тобы– созылмалы обструктивті бронхиті бар жасы мен жынысы бойынша негізгі топқа ұқсас 20 науқастан тұрды. Клиникалық негізгі симптомдары: жөтел (100%), қақырық бөліну (науқастардың 100%-ы), демікпе (негізгі топта 88,9% және 85,0% бақылау тобында), дене температурасының көтерілуі (22,2% негізгі топта және 20,0% бақылау тобында). Обструктивті бронхиттің клиникалық белгілері (синдромдары) – ұзақ дем шығару, дем шығарғандағы құрғақ сырыл екі топтың барлық науқастарында анықталды; өкпе эмфиземасы – 1-топтың 3-уінде, 2-топтың 4-уінде байқалды. Қақырықтың іріңді сипаты – негізгі топтың 12 адамында, бақылау тобының 13 адамында кездесті. Барлық науқастарға жалпықабылдаған ем тағайындалды: бронхолитиктер, қақырық шығарушы, антибактериалды заттар, физиоем. 1-топтың науқастарына 1 шәй қасықтан күніне 3 реттен «Қызыл май» тағайындалды, емдеу курсы 10-12 күнді құрады.
Науқастар жағдайының динамикасын бағалағанда жөтел екі топта да 4-6 күнге қарай азая бастады, қақырықтың шығарылуы І топта 3-4 күнде жеңілдеген, ал ІІ топта – 6-7 күнде. Қақырықта іріңнің қоспасы 1-топта 6-7 күні, ал бақылау тобында 10-11 күні жойылған, соған сәйкес дене температурасы да қалпына келген. Обструктивті синдромның демікпе сияқты басқа да белгілері І топтың науқастарында 4-5 күн дегенде, ал ІІ-топтың науқастарында 7-8 күн дегенде ауыздықталды.
«Қызыл май» препаратымен емдеуде жеке нәтижелер күту жоспарланбаған, бірақ орталық мемлекеттік клиникалық ауруханаға 1994 ж. Түскен І топтың науқастары полифиттің майды қабылдаудан кейінгі ұзақ уақыттық тұрақты ремиссияда болғандығы тіркелді. Біздің ойымызша, бұл препараттың құрамына кіретін шырғанақ мен итмұрынның репаративті қасиетімен байланысты.
Полифиттік маймен клиникалық сынақ асқазанында жарасы бар және созылмалы гастродуоденитпен ауыратын науқастар тобына да жүргізілді. Препаратты тамақтануға дейінгі 50-60 минут бұрын 1 ас қасықтан күніне 4-5 рет қабылдау тағайындалды.Топтағы адам санының аздығына (8 адам), әртектілігіне байланысты, алынған мәліметтерге статистикалық өңдеу жүргізу, математикалық талдау жасау мүмкін болмады. Алайда, «Қызыл майды» қабылдау ауру сезімі мен диспепсияның тез жойылуына көмектесті. Бұл препараттың түйілуді басатын және жергілікті жансыздандыру қабілетімен, асқазан шырышты қабығының регенерациялануын жақсарту мен тыныштандырғыш қасиет көрсететіндігімен байланысты (Акопов И.Э. 1986).
«Қызыл май» қабылдаған науқастардың барлығы препараттың жағымды дәмі мен жақсы көтере алушылық қабілетін айтып жатты. Жанама әсер байқалмады, тек бір ғана жағдайда созылмалы гастродуодениті бар 1 науқаста әлсіреу мен кіші дәретінің күніне 3 ретке жиілегені байқалды. Бірақ, бұл жағдайды «Қызыл маймен» байланыстыруға болмайды, себебі осы сияқты белгілер антацидтерді бірмезетте қабылдаудан да шақырылуы мүмкін.
Препарат аллергиялық реакциялар даму қаупі болғандықтан анамнезінде поллиноз, шөптік демікпесі бар науқастарға тағайындалмады. «Қызыл майдың» құрамына кіретін көптеген өсімдіктердің күрделі құрамыны ескерілді.
Осылайша, полифиттік «Қызыл май» майы тыныс алу жүйесінің және асқазан-ішек жолдары жүйесінің созылмалы ауруларының кешенді емінде кең спектрлі фармакологиялық қасиетке ие. Препарат компоненттері созылмалы бронхиттің, гастродуодениттің және асқазанның жарасында этиотропты, патогенді және симптоматикалық емінде әсерін жан-жақты көрсетеді. «Қызыл майдың» тиімділігі, қолжетімдігі және науқастармен жақсы көтереалушылық қабілеті жоғарыда аталған ауруларды емдеуде кеңінен қолдануға тағайындауға болатынын көрсетеді.
Алынған нәтижелер полифиттік «Қызыл май» препаратын клиникалық әртрүлі бағыттарда қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Қорытындылай келе, клиникалық тәжірибенің ешбір жағдайында қауіпті теріс әсерлер тіркелмеген, оның ішінде тіпті аллергиялық реакциялар да байқалмағандығын айтуға болады.