ҚАЗ

Күйіктер

Бет пен мойынның беткейлік күйігін полифиттік «Қызылмай» майымен емдеу тәжірибесі.

С. Д. Сагатбаев, А. М. Жапаров, Г. Б. Зайтенова, А. Д. Сагатбаев.
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, Хирургиялық стоматология кафедрасы (меңгеруші.-проф. Сагатбаев Д. С.)

Күйік жарақаты ең көп кездесетін патологияның бірі және маңызды медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселе саналады. Ерекше мәнге ие — бет күйігі, себебі жедел ауру сезімі, тіндердің ісінуі, айқын экссудат жиналу — косметикалық ақаулықтар қалыптастыратын және беттегі мүшелердің қисаюына әкелетін қиындық.

Бет пен мойынның күйік жарақаты ағзаларда үлкен өзгеріске ұшыратпаса да, қазіргі күнгі жарақаттар ішінен үлкен назар аударуды талап етеді. Күйіктерді, оның ішіндегі бет пен мойын күйігін емдеуде тиімді жаңа құрал іздестіру мақсатында әртүрлі жақпа майлар мен антибактериалды препараттар ұсынылды. Бұл жағдайда олардың барлығы дерлік оң және теріс жақтарға ие.

Сондықтан, күйікті емдеуде жаңа құралды іздестіру жалғасуда, әсіресе соңғы кезде осы мақсатта емдік өсімдіктердің майлы сығындыларынан тұратын «Қызыл май» қолданылады. Әдебиет көздерінде бет пен мойынның беткейлік күйіктерін кешенді емдеуде оны қолдану туралы деректер бізге кездеспеді.

Полифиттік маймен І және ІІ дәрежелі бет пен мойын күйігі бар 35 науқасты емдеу жүргізілді. 29 науқастың күйігі тұрмыстық, қалған 6 науқаста – өндірістік күйіктер болды. Ер кісілер -26, әйелдер – 9. Жарақат алғаннан 3 сағатқа дейінгі уақыт аралығында 27 адам түскен, оның 5-уі алғашқы тәуліктерінде, 3 адам 2-тәулік ішінде түскен. 20 науқастың күйігінің себебі от жалыны болса, 9 науқас – ыстық суға күйген (буына), 2 адамда – химиялық күйік.

Емдеу келесідей жүргізілді: күйік бетін 3-5 минут бойы 0,5% новокаин ерітіндісімен аппликациялау арқылы ауру сезімін басу. Осыдан кейін, жалпы қабылдаған әдістеме бойынша, күйік бетін біріншілік өңдеу жүргізілді. Бұл кезде торсылдақтарды жарып, ішіндегі сұйықтық шығарылды. Күйген тіндері, бөгде денелер және тіршілігін тоқтатқан некрозды бөліктері алып тасталынды.

Косметикалық жақпа майлардан болған химиялық күйіктерде жағылманың қалдықтары тері бетінен жақсылап алынып тасталды. Бұл үшін 29-35 градусқа дейін жылытылған фурациллин ерітіндісі қолданылды. Барлық жағдайда өңделген күйік орнына полифиттік май жағылды. Майдың сіңуі терінің тартылуына, жағымсыз әсерге әкелгендіктен бастапқы үш күнде жара орны күніне екі рет өңделді, кейінгі күндерде бір реттік өңдеуге көшірілді. Жалпы ем денсаулығын бекіту мақсатында тағайындамалар бойынша жүргізілді. Күйгендердің барлығына сіреспеге қарсы алдын-алу шаралары жүргізіліп, сәйкесінше сарысу (ПСС) екпесі жасалды.

Бір тәуліктен соң күйік беті қабыну белгісі жоқ бір қабатпен қапталды. Үшінші және төртінші күндерінде науқастардың көбінде қабыршақтану кетіп, алқызыл түсті жаңа эпителий түзіле бастады. Алдын-алу шарасы антибиотикпен емдеу болмағандығына қарамастан күйік бетінде іріңдену белгілері болмады. Толық жазылу дәстүрлі препараттармен емдеуге қарағанда 2-3 күн бұрын, яғни 5-6 күннен кейін байқалды.

Осылайша, бет пен мойынның беткейлік күйігін «Қызыл май» препаратымен ашық емдеу кезінде екіншілік инфекцияның қосылу белгілері болмады. Жарақат бетіндегі қабықтанудың тоқтауы мен эпителий түзілу, тыртық қалмай күйік бетінің жазылуы дәстүрлі емдеу тәсілдерін қолданғаннан 2-3 күн ерте байқалды. Тереңдетілген күйіктерді бұл препаратпен емдеу кезінде «Қызыл майдың» терең тіндерге енуін қамтамасыз ету керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, полифиттік «Қызылмай» майын бет пен мойын күйіктерін емдеуде жоғары репаративті белсенділікке ие және антибактериалды препарат ретінде ұсынуға болады.