Русь елінде сасықшөп 1485 жылдан бері танымал. XVII ғасырдан бері сасықшөп жиілеген жүрек соғысында, жөтелде көмектесуші әсері бар. Қолдануды ыңғайлату үшін терезе алдына, шіркеулерге және университет бақшаларына отырғызған.
Сасықшөп — (лат. Leonurus) — Ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Сабағы төртқырлы бұтақталған, 50-150 см дейін жететін, кейде 200 см болатын өсімдік. Жоғарғы жапырақтары бүтін, ромб тәрізді түрге ие, салбыраған, жоғарыдан қою-жасыл, төменгі жағынан ашықжасыл түсті.
Сасықшөп құрамында алкалоидтар, эфир майы, илік заттар бар, олардың қан тоқтататын, бактерицидті, қабынуға қарсы қасиеттері бар. Органикалық қышқылдар (шарап, урсол, кумарин, алма, лимон қ-ы), аскорбин қышқылы, минерал қышқылдар кіреді.
Сасықшөптің тыныштандырғыш әсері бар болғандықтан жүйке жүйесінің қозғыштығын басуда, ұйқы бұзылысында, созылмалы шаршаңқылықта қолданылады. Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларын емдеуде пайдасы көп.