Шырғанақ

Шырғанақ – алтын руна анасы. Шырғанақ – Жер шарының ең ұзақ өмір сүрушісі. Ғалымдардың пікірінше, оның жасы 24 миллин жыл шамасында. Шырғанақ – ағзаның барлық мүшесіне кешенді және тиімді әсер ететін дәрілік өсімдіктердің бірі. Шырғанақ – Elaeagnaceae тұқымдасына жататын, биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді. Жапырақтары ұзынша келген, жіңішке, ұзындығы 8 сантиметр, ені 1 сантиметр, сағақтары қысқа. Өсімдік қос үйлі болып есептеледі.

Аталық гүлдері бір бұтақта, аналық гүлдері екінші бұтақта болады. Гүлдері бұталардың қуысында шоғырланса, аталық гүлдері кішігірім масақша тәрізді. Дөнгелек, сырты етті, исі жағымды, қызыл сүйекті жемісі болады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Шырғанақ өзендердің жағаларында, ылғалды шабындықтарда, батпақтардың айналасында, тау етектерінде өседі. Дәрі жасау үшін шырғанақтың жемісін пайдаланады. Құрамында орта есеппен 45 пайыз аскорбин қышқылы, аминқышқылдары, полиқанықпаған майлы қышқылдар, фосфолипидтер, флавоноидтар (кемпферол, кверцетин, изорамнетин, рутин), органикалық қышқылдар (салицил, шарап, алма, қымыздық, янтарь), макро- және микроэлементтер (кальций, железо, магний, никель, кремний, молибден) алма қышқылы, каротин, май, ксантофилл, кверцетин, Е, В1, В2, Р дәрумендері, илік заттар, фитонцидтер, кумариндер бар.

Шырғанақ майы қабынуға қарсы, антибактериалды әсерге ие, байыр тіндері сияқты жұмсақ тіндердің тотықсыздану үрдістерін ынталандыратын, ауруды басатын, жараны жазатын әсері бар. Асқазан мен 12 елі ішек жарасында тиімді. Гипо- және авитаминоз кезінде дәрумендік зат ретінде, ағзаның сәулелік зақымдалуларында, асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатының генеративті өзгерістерінде қолданылады. Гинекологиялық тәжірибеде кольпит, эндоцервицит, жатыр мойны эрозиясында қолданылады. Шырғанақ майы – күшті косметикалық құрал, себебі құрамында сирек кездесетін полиқанықпаған қышқылдардың, А, F, E, K дәрумендерінің уникалды поливитаминдік кешені бар.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ