Ошаған майы майлы сығынды

Ошаған майы майлы сығынды – өсімдіктекті зат. Киіз шоңайнасының құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешені (инулин полисахаридтер, эфирлі бардан майы, протеин, А,В-кешен, С, Е және Р дәрумендері, минералды және илік заттар, флавоноидтар, полиацетиленді көмірсулар, ситостерин, стигмастерин, алкалоидтар, 18 амин қышқылдары, 26 май қышқылдары ) қабынуға қарсы, гепатопротекторлы, қант мөлшерін азайтатын, жараны жазатын, нығайтатын және шаш өсіретін әсерге ие.
Босатылу түрі:
- 50 мл
- 100 мл
Қурамы
Ошаған майы майлы сығынды нұсқаулығы
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- гастриттерде, асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында
- бүйрек-өттас ауруларында
- қуық қабынуында, несеп-тас ауруында
- қант диабетін емдегенде
- экземада, себореяда, фурункулезде
Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
7 жасқа дейінгі балаларға – 1/2 шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкен балалар мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 4 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
Сыртқа: тері ауруларында зақымданған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек.
Шашты нығайту және өсуін күшейту үшін – бас жуудан 2-4 сағат бұрын шаштың арасындағы теріге жағу керек.
Қолданар алдында шайқау керек!
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жекелей көтере алмаушылық
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.