ҚАЗ
Fitoleum 9 шөп майы

Fitoleum 9 шөп, полифиттi майы

Үй дәрі қобдишасындағы әмбебап және тиімді көмекші
  • 100% табиғи өнім.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Қолданудың 6 нұсқасы
  • Ересектер мен 3 жастан бастап балаларға арналған
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
  • Фармакология саласындағы мамандармен әзірленген
  • Қазақстанда жасалған

Сипаттама

Fitoleum 9 трав – полифитті май, дәрілік өсімдіктердің тоғыз түрінен түпнұсқа рецептура бойынша дайындалған 100% табиғи сығынды болып табылады. Консерванттар мен бояғыштарды қолданбайтын жұмсақ технология табиғи шикізаттардың – флавоноидтар, фенилпропаноидтар, терпеноидтар, сапонин гликозидтер, гиперицин, каротин (провитамин А), пептидтер – биологиялық белсендi заттарының кешенін сақтауға мүмкіндік береді.

Шығару түрі: 100 мл.

Не үшін қолданылады

Суық тиюдің алдын алу және ағзаны ұқыпты қалпына келтіру үшін

Тұмау, иіс сезуінің бұзылуы, құрғақ немесе дымқыл жөтел, қақырықпен жөтел, тамақтың жыбырлауы, жұту немесе тамақтағы тұрақты ауырсыну кезінде.

АІЖ жұмысын жақсарту және оның зақымдалған тіндерінің регенерациясын жеделдету үшін

Жарақаттарды, жараларды, ас қорыту каналының шырышты қабығының эрозиясын тезірек емдеуге ықпал етеді. Зат алмасуға жағымды әсер етеді.

Қабыну, жарақаттар, тері мен шырыштың кесулері кезінде

Қабынуды, тітіркенуді азайтады, жарақаттарды, жараларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді, соның ішінде жұқпаланған және баяу жазылатындарды.

Тері мен шырыштың күйігі кезінде

Инфекциялардан қорғауға және термиялық, химиялық немесе сәуледен кейінгі күйік жағдайында тіндерді қалпына келтіруге көмектеседі.

Ағзаның иммундық қорғанысын сақтау және қалпына келтіру үшін

Жалпы нығайтатын дәрумендік құрал ретінде ұсынылады.о витаминного средства.

Косметикалық тәжірибеде. Терінің иммунитетін қалпына келтіру үшін

Күтім косметикасын байыту үшін және дербес құрал ретінде. Терінің серпімділігін арттырады, қабынуды, қабыршақтануды, тітіркенуді басады, терінің рН тепе-теңдігін қалпына келтіреді.

* майды құлаққа тамызу және көздің шырышты қабығына жағу ұсынылмайды

9 емдік шөптерден тұратын теңдестірілген формула

Fitoleum 9 шөптерінің түпнұсқалық технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді және: қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараларды емдеп-жазатын, қалпына келтіру, жалпы сергітетін әсерлерді қамтамасыз етеді.

Құрамы

* өсімдіктер Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында фармакологиялық белсенді заттар барынша көп жинақталған кезде жиналады.

100 г май құрамында: шайқурай шөбі — 7.0 г, шырғанақ жемістері — 7.0 г, итмұрын жемістері — 7.0 г, қызыл мия тамырлары — 1.0 г, жаужапырақ жапырақтары — 1.0 г, тасшөп шөпі — 1,0 г, қосүйлi қалақай жапырақтары — 1.0 г, мыңжапырақ шөбi — 0.5 г, қырмызыгүл гүлдері — 0.5 г. Қосалқы заттар: экстрагент – күнбағыс майы.
100 г-ға тағамдық құндылығы: ақуыздар — 0 г, майлар — 99.15 г, көмірсулар — 0.773 г
100 г-ға энергетикалық құндылығы: 895 ккал / 3747 кДж

Нұсқаулығы

Қолдану саласы

Суық тиюдің алдын алуға, дененiң қорғанысын арттыруға, иммундық жүйенің белсенділігін сақтауға, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға септiгiн тигiзедi, жалпы нығайтатын әсерi бар, зат алмасу процестерiн қалпына келтіреді. Тері және шырыштың қалпына келтіруін тездетеді.

Қолдану тәсілі

АІЖ үшін:

  • Ішке 1-2 шай қасықтан тамақтану кезінде, күніне 2-3 рет. Майды термиялық өңдеуге ұшыратпау керек (мысалы, тамақпен бірге қыздыру).

Шырышты қабықтар үшін:

  • Тазартылған шырышты қабыққа май жағыңыз. Рәсімді күніне 1-3 рет жасауға болады.

Сыртқы теріге:

  • Тазартылған теріге бірнеше тамшы май жағыңыз.

Қолдануға қарсы көрсетілiмдер

Жеке төзімсіздік. Жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты жүкті және бала емізетін әйелдерге ББҚ тағайындау ұсынылмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын және температурасы 25°C-тан аспайтын термпературада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл. Ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 30 күн. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Қолданар алдында шайқау керек. ББҚ. Дәрiлiк зат болып табылмайды.

Сату орындары  →

Қайда сатып алуға болады

Fitoleum 9 шөп майы

Fitoleum 9 шөп майы келесі жерлерде ұсынылған:

Жеткізу құны мен уақытын жоғарыдағы сілтемелерді басу арқылы білуге болады.

  • №2 Орталық Дәріхана
    (Қазақстан, Алматы қ., Назарбаев даңғ. 91/97 Гоголь көш. қиылысы – картаны қараңыз)

Біз жеткізуді жүзеге асырмаймыз!

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 32 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.